Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында 52 адам жанып кеткен автобус өртіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбе облысында 52 адам тірідей жанып кеткен автобустағы өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жол көлік ережесін бұзғаны үшін тірі қалған жүргізуші мен көмекшілері тергелетін болады, деп хабарлайды КТК.

Айта кетейік, бүгін таңғы сағат 10.30 шамасында “Икарус” жолаушылар автобусында өрт шыққан. Автобустың ішінде 57 адам болған.  Оқиға орнында 52 адам қаза тапты. Олардың барлығы Өзбекстан азаматтары. Бес адам аман қалып отыр, қолдарын ғана күйік шалған.

Ал марқұмдардың мәйітін Өзбекстанға алып кетуге көрші елден ұшақ жіберілген. Әзірге жанып кеткен елу екі адамның кім екені анықталып жатыр. Бұл оқиғаға байланысты үкіметік деңгейде комиссия құрылды. Қазақстандық мамандармен бірген Өзбекстан тарапы да апат себептерін зерттемек. Олардың комиссиясына премьер-миинстр Абдолла Әріповтың өзі жетекшілік етеді.

Алғашқы болжамдарға қарағанда от электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болуы мүмкін. Бірақ тағы бірнеше нұсқаны да сарапшылар қарастырып жатыр. Ал от тұтанған кезде автобустағы жолаушылар ұйықтап жатыпты. Өрт шыққанда жолаушылар көлігінің есіктері жабылып қалған. Соның кесерінен үрейленген жұрт бірін-бірі жаншып, ақыры ешкім шыға алмапты. 52 адам сол жерде тірілей жанып кетті. Барлығы Өзбекстан азаматтары. Бұл оқиға күндіз астана уақытымен сағат он жарымда болған еді. Осы оқиғаға байланысты өкіметтік деңгейде комиссия құрылды.

“Ақтөбе облысында болған оқиғаны зерделеу үшін сонымен қатар зардап шеккендер мен қаза болғандардың жанұяларына жан-жақты көмек көрсету үшін үкіметтік ведомоство аралық комиссия құрылды. Оның құрамына ІІМ орынбасары Тұрғынбеков, денсаулық сақтау вице-министрі Цой, инвестициялық даму министрінің орынбасары Скляр, СІМ консулдық қызметі департаментінің директоры Мәдиев бар”, – дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Мәйіттерді әлі облыс орталығына жеткізген жоқ. 52 адамның кім екенін бүгін түні бойы анықтап, протокол толтырады. Одан соң ғана мәйітханаға әкеледі екен. Ол үшін Ақтөбеден оқиға болған Ырғыз ауданының Қалыбай ауылына қарай бір тікұшақ және Камаз көлігі жіберілді. Ертеңдері марқұмдардың сүйектерін Өзбекстанға ұшақпен алып кетеді деп күтіліп отыр. Нақты уақыты белгісіз. Ол үшін Өзбекстан елінің төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі әуе көлігін бөлген. Сол елдің Қазақстандағы консулы Шухрат Кошебоев та Алматыдан ұшып келді. Ал аман қалғандардың арасында автобус жүргізушісі бар. Ол жеңіл жарақат алған. Біақ оның бірден тергеуге алынар-алынбасы белгісіз.

 

Тірі қалған бес адамға қатысты соңғы келіп түскен ақпаратқа қарағанда олар ауруханаға жатудан бас тартқан. Әзірге олар да оқиға болған жерде екен.

Жолаушылар тиген көлік Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданын шыққан. Ресейдің Казань қаласын бетке алыпты. Жолаушылар дың  барлығы Өзбекстан азаматы деп жатырмыз. Бірақ штабтың шұғыл желісіне Португалия мен Чехиядан да қоңырау соғып жатыр.

Тағы да оқыңыз:

Қызылордада өгей қызына азғындық жасады деп айыпталған азаматтың туыстары араша сұрады

Алматылық бизнесмен Дубай мен Монакода “ағашкаларға” қызмет ететін қазақ қыздары туралы айтты

Декреттік демалысқа шығатын аналар нені білуі керек

Талқылау