Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Самат Данияров Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Бұл қызметке аймақ басшысының өкімімен тағайындалған Самат Данияров - Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының және Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің түлегі.

Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда облыстық ауруханасында бастаған. Осы жылдар ішінде ол Қызылорда облыстық ауруханасында инспектор, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы, бөлім бастығының орынбасары, Ақтөбе облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс істеді. 2017 жылдан бастап Отбасылық медицина орталығының меңгерушісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Әсет Қалиев қызметінен 2020 жылдың маусымында кетіп қалды. Ол Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасын 2014 жылдан бастап басқарды.

STAN.KZ
Сейсенбі, 28 Шілде, 2020 13:09
Талқылау