Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысындағы шошқа фермасы дауы: Экология министрі мәселені біржақты етуге уәде берді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Ақтөбе облысындағы Бестамақ ауылындағы шошқа фермасы дауын шешуге уәде берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

шошқа

Министр мен Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин шаруашылық мекемесіне қатысты тексеру қорытындыларын жеделдетіп, мәселенің заң аясында орынды шешілуіне бірлесе ықпал жасайтындарын жеткізді. 

"Біз жағдайдан хабардармыз, түсірген барлық видеоларыңызды көрдік. Өңірлерде не болып жатқанын білеміз. Мәселені заңды түрде аяғына дейін жеткізу керек. Біз тексеру процестерін жеделдетуге атсалысамыз",- деді Мырзағалиев.

Жергілікті халық мәселенің шешілуіне өз тараптарынан барынша көмек көрсетуге дайын екендерін жеткізді.

"Жерлестеріміздің талап-тілектері орынды. Осы мәселе көтерілген күннен бастап, ауыл тұрғындары сабырлық танытып, түсіністікпен қарап келеді. Шошқа фермасы бағытын өзгертуі керек немесе жұмысын тоқтатуы қажет. Дегенмен, бұл бір күннің шаруасы емес, қазір құзырлы мекемелер тарапынан қажетті шаралар қабылданып, жұмыс жүріп жатыр", - деп айтты облыс басшысы.

Еске салайық, бұған дейін ауыл тұрғындары жергілікті шошқа фермасы табиғатты ластауда деп ашуланып, нысанды жабуды талап еткен болатын. Тексеріс ұйымдастырылып,  фермаға 7 млрд теңгеге жуық айыппұл салынды. Қазіргі уақытта сот процестері жалғасуда.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр