Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысындағы 47 ауылға мобильді интернет тартылады

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров өңірдегі интернет жоқ ауылдардың мәселесі қашан шешілетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Интернет мәселесі ауыл тұрғындары, әсіресе жастар үшін өте өзекті. Қазіргі таңда облыста 315 ауылдың 236-ы қолжетімді мобильді интернетпен қамтамасыз етілген. Алдағы жылы 47 ауылға мобильді интернет жүргізу жоспарда бар.

Бұдан бөлек, 15 ауыл мектебі интернетке спутник, 22-сі тұрақсыз радио-реле желісі арқылы қосылған. Аталған мектептерде интернет жылдамдығы төмен. Осыған орай, аталған 37 мектепті келер жылы жылдамдығы жоғары желілерге қосу арқылы шешеміз. 

Сондай-ақ ол өңірде биыл жұмысын бастаған шотландиялық Heriot-Watt университетінің филиалы қай саладағы мамандықтарды дайындап жатқанын айтты.

"Қазіргі таңда "Мұнай инженериясы және энергоменеджмент", "Электроэнергетика", "Компьютерлік инженерия" мамандықтары бойынша 300 студент білім алып жатыр", - деді облыс әкімі.

Талқылау