Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында үш бала мен оларды құтқармақ болған әкесі өзенге батып кетті

3 тамызда Ақтөбе облысындағы Жүргенов ауылында төрт адам өзенге батып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

суға бату

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, балалар мұнда ата-аналарымен болған. 

"Ырғыз өзеніне бірден төрт адам батып кетті: 7, 11 және 13 жастағы балалар мен оларды құтқармақ болған 39 жастағы ер адам. Көз жұмған балалардың арасында ер адамның балалары мен туысы болған", – делінген хабарламада. 

Мәйіттерді іздеу жұмыстарына құтқарушылар, полицейлер мен жергілікті тұрғындар қатысты. Кейін оларды судан алып шықты. 

Құтқарушылар суда қауіпсіздің ережелерін сақтауды сұрайды.

Еске салайық, бұған дейін Жайық өзеніне үш қыз батып кеткен еді. Жасөспірімдер жоғалып кеткен күні кешке ата-аналары төтенше жағдай қызметіне жүгініп, көмек сұраған. Қызметкерлер қыздарды іздеу жұмыстарын сол сәтте бастап кетті. Қыздардың денесі 12 шілде күні таңертең табылды. 

Талқылау