Ақтөбе облысында үш ауылдың тұрғындары газдан уланып қалды
Ақтөбе облысында үш ауылдың тұрғындары газдан уланып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Кеңқияқ, Саркөл, Шұбарши елдімекендерінен газдан уланған сегіз адам жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Оның төртеуі ересек , қалғаны балалар. Ең кішкентайы бес жаста екен.
“Түскен кезде басты шағымдары олардың бас айналуы жүрек айнуы. Қарағаннан кейін төрт адам емханалық бақылауға жіберілген болатын үйлеріне, ал төрт адам бізде динамикалық бақылауда”, – дейді облыстық денсаулық сақтау басұармасының басшысы Бекболат Ізбасаров.
Оқиға орнына елдімекенге газ таратумен айналысатын мекеме мамандары келіп, тексеру жүргізді. Газ құбырынан ақау анықталмаған. Болған жағдайға қатысты облыста арнайы комиссия құрылып, тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғындар табиғи газдың құрамындағы одорант қоспасына улануы мүмкін деген болжам бар.
“Мамандар оқиға орнына барғанда газдың иісі қатты шығып тұрды. Біз қолданатын метан газының негізі иісі жоқ. Біз газдың шығып жатқанын анықтау үшін этилмеркаптан қосамыз, онда одоранттың иісі бар. Сол одорант нормадан тыс болып кеткен”, – дейді “Техногаз” ЖШС бас директоры Руслан Әміртаев.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
