Ақтөбе облысында бір апта бұрын жоғалған жігіттің мәйіті өзен жағасынан табылды
Ақтөбе облысында бір апта бұрын жоғалған жас жігіттің мәйіті табылды. Оны құрылыс сайманымен ұрып өлтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz. порталына сілтеме жасап.
13 маусымда Темір аудандық полиция бөліміне жас жігіттің жоғалғаны туралы хабар түсті. Анасы шыр айналып, баласын таба алмаған. Тәртіп сақшылары бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Жас жігіттің мәйіті Ойық өзенінің жағасынан табыды.
Оның өліміне қатысы бар деген күдікпен досы ұсталды.
"Екі достың арасында жанжал шыққан. Арты төбелеске ұласты. Сол кезде 29 жастағы күдікті 25 жастағы досын монтировкамен бірнеше рет ұрған. Сосын автокөлігіне салып, Ойық өзенінің жағасына апарып тастады. Жәбірленуші сол жерде қайтыс болды", – дейді полицейлер.
Өзенге велосипедпен келген: Ақмола облысында 6 және 9 жасар балалар суға батып кетті
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.
Айта кетсек, адам өлтіргені үшін сегіз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
