Ақтөбе облысында әйел курортқа кеткен қызын полициямен іздеген
Ақтөбе облысы Хромтау қаласында әйел қызына іздеу жариялап полицияға жүгінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот
30 тамызда Хромтау аудандық ішкі істер бөліміне әйел хабарласып, 23 жастағы қызы жоғалып кеткенін мәлімдеді. Әйел қызын күйеуі алып кетіп, күштеп ұстап отыр деген.
Тергеушілер жоғалған қызы қай жерде болуы мүмкін екенін тексеріп, таныстары мен достарынан сұрап шыққан. Сөйтсе ерлі-зайыптының Ақтауға баратын пойыз билеттерін сатып алғаны анықталыпты. Келіншек көрші ауданнан табылған. Ол күйеуімен шипажайға кеткен.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі