AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқынды жүруде

Ақтөбе облысының тағы бір өзіндік әлеуеті қолайлы климат және кең байтақ алқаптардың болуы мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын дамытуға және еліміздің батыс өңірінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ өнімдерді шетелдерге экспорттауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өңір әкімі Оңдасын Оразалин мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2019 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісіп, Ақтөбе облысының агроөнеркәсіптік кешенінің дамуы бойынша 5 жылдық жоспары әзірленді. Жоспарға сәйкес 2020-2021 жылдары жергілікті бюджеттен бұрын-соңды болмаған жем-шөпті субсидиялау үшін 12,7 млрд теңге бөлінді және ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуды субсидиялауға 7,2 млрд теңге қаражат қарастырылды. Яғни, техника алуға республикалық бюджеттен берілетін 25%-тік субсидияға қосымша жергілікті бюджеттен 10% қосымша бөлініп отыр. 

"Ауыл шаруашылығы техникасының жаңартылуы қарқынды жүруде. Мәселен, 2019 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 3,9% құраса, былтыр 5,9% жуықтады. 2021 жылдың қорытындысына сәйкес аталған бағыт бойынша облыстар арасында алдыңғы қатардамыз. Соңдай-ақ, соңғы 2 жыл ішінде 700 млрд теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді, жылқы басы 38% өсті, ірі қара мал басы – 20%, ұсақ мал басы– 7,1%, құстар саны – 4,5% ұлғайды. Осындай қарқынмен мал басының артуына байланысты жем-шөппен қамтамасыз ету үшін 2020 жылдан бастап Үкіметтің қолдауымен республикалық бюджет есебінен 25 мың гектар көлтабанды және 10,6 мың гектар үнемі суармалы жерлер қалпына келтірілуде. Жалпы, жоспарға сәйкес алдағы 3 жылда қолданыстағы суармалы жерлердің алқабын 100 мың гектарға дейін жеткіземіз. Қабылданған шаралар есебінен облысымыз 32 негізгі азық-түліктің 24-імен өзін-өзі қамтамасыз етеді. Оның ішінде ұн, нан өнімдері, сүт, ет өнімдері, жұмыртқа және көкөніс түрлері бар", - деді облыс басшысы. 

Алдағы 3 жылда өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үлесін арттыру үшін агроөнеркәсіптік кешенде 315 млрд теңгеден астам қаражатқа 75 жобаны іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде келешекте бағаны тұрақтандыруға толықтай мүмкіндік болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр