Ақтөбе облысында 12 адам өлімі болған жол апатының себептерін анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды
Видеодан скриншот
Ақтөбе облысында бірнеше адам өлімі болған жол-көлік оқиғасының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Бөгетсай ауылының шетінде болған жол-көлік оқиғасының себептерін тергеу жөнінде үкіметтік комиссия құрылды.
Премьер-министр комиссияға жұмысты дереу бастап, жол апатының себептерін жан-жақты тексеруді, қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету шараларын қабылдауды тапсырды.
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басшылық ететін комиссия құрамында ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау және көлік министрліктерінің жетекшілері, Ақтөбе облысы әкімдігінің басшылығы бар.
Сағат 15:30-дағы жағдай бойынша Хромтау аудандық ауруханасында болған оқиғадан алты адам зардап шекті. Олардың бірі –16 жастағы бала.
Төрт науқас жансақтау бөлімінде, екеуі палатада шокқа қарсы қарқынды терапия алып жатыр.
Облыс орталығынан екі бригада жұмыс істеп жатыр, олардың арасында реанимация мамандары, травматологтар, хирургтар, нейрохирургтер бар. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Ал бұған дейін тасымалдаудан бас тартқан науқас дәрігерлердің ұсынысы бойынша ауруханаға түскен. Себебі денесінде көгерулер болыпты.
Еске салсақ, Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 12 адам мерт болған еді.

Жинағыңызды алтынмен сақтау тиімді ме – Сарапшылар бағалы металдың грамы 100 мың теңгеге жететінін болжады
