Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы карантинді бұзған

Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының бастығы Рүстем Исаевқа карантиндік нормаларды бұзғаны үшін  43 755 теңге айыппұл салынды. Бұл туралы облыстың бас санитарлық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева мәлімдеді, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бірнеше апта бұрын әлеуметтік желілерде денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтың кафеде ән шырқап жүргені түсірілген видео тарады.

"Видеода Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев биылғы 5 наурызда Ақтөбеде жеке корпоративте ән айтып, көңіл көтергенін көруге болады. Ал Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері 13 қаңтардан бастап мерекелік корпоративтер мен адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салған еді. Міне, біздің батыл дәрігерлеріміз биік мінберлерден басқа нәрсені айтады, бірақ іс жүзінде мүлдем басқаны істейді. Айтпақшы, шара бұған дейін Р.Исаев басқарған Ақтөбе медициналық орталығын тұрақты тамақпен қамтамасыз ету конкурсында жеңіске жеткен "Атамекен" мейрамханасында өтті, бұл қандай кездейсоқтық!", - делінген желіде тараған хабарламада.



Басқарма басшысы 5 наурызда кафедегі әріптестерімен бірге жиналып, оларды келе жатқан 8 Наурыз мерекесімен құттықтағанын жоққа шығармады.

5 наурызда Ақтөбе облысы "жасыл" аймақта болғанына қарамастан, денсаулық сақтау басқармасының басшысына айыппұл салынды. Себебі сол кезде санитарлық дәрігердің бұйрығымен мерекелік және көпшілік іс-шараларға тыйым салынған.

Талқылау