"Ақтөбе" футзал клубының бас бапкері Виктор Тарчило қызметінен кетті
Беларусьтік маман Виктор Тарчило күтпеген жерден "Ақтөбе" футзал клубының бас бапкері қызметінен кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан футзал ассоциациясының Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"МФК “Ақтөбе“ өз бас бапкері Виктор Тарчиломен қош айтысты", – делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, Тарчило "Ақтөбені" екі рет басқарған. Алғаш рет ол клубты 2020–2021 жылдары жаттықтырған еді. Ол команданы футзалдан Қазақстан чемпионатында күміс жүлдеге жеткізді. Екінші рет белорусьтік маман Ақтөбеге 2022 жылдың тамызында оралып, бүгінге дейін қызмет атқарды. Қазір команда ішкі біріншілікте 12 команданың арасында 5 орында келеді. 30-турдан кейін батыстық клуб 44 ұпай жинады.
Бұған дейін, Тарчило өз елінің "Витэн", "Лидсельмаш" және Чехияның "Сварог" клубтарында жұмыс істеген.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"

