Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақтөбе" Еурокубокта сенсация жасап "Спартаны" жеңді

Фото: fc-aktobe.kz

Қазақстандық "Ақтөбе" клубы УЕФА Конференциялар Лигасының екінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында Чехияның атақты "Спарта" (Прага) командасын сенсациялық түрде жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кездесу 24 шілдеде Ақтөбедегі Орталық стадионда өтіп, алаң иелерінің 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды. 29-минутта алғашқы голды Даниэль Соса соқса, екінші таймда артықшылықты 83-минутта Оралхан Өміртаев еселеді. Қонақтар тек 90-минутта Велько Бирманчевичтің пенальтиден соққан голымен жауап қайтарды.

Прагалық клуб бұл жұпта айқын фаворит саналған еді. Алайда Андрей Карпович жаттықтыратын ақтөбеліктер өз алаңында қарсыласына қысым көрсетіп, маңызды жеңіске қол жеткізді.

Қос команданың жауапты кездесуі 31 шілдеде Прагада өтеді. Қос матчтың қорытындысы бойынша жеңімпаз Конференциялар Лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алады.

Абылайхан Палмағанбет
Бейсенбі, 24 Шілде, 2025 23:59
Талқылау