AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актер Дулыға Ақмолда: Тоқал алғысы келмейтін еркек болмайды

Театр және кино актері Дулыға Ақмолда тоқал алудың өте нәзік мәселе екенін айтады. Актер бұл тақырыпта өзінің ұстанымын жеткізді. Отбасы, өмірі жайлы баян етті. Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында айтылды. 

Дулыға  Ақмолда – үш қыздың әкесі. 20 жылдан астам жарымен бір шаңырақ астында тұрып жатыр. Жары екеуі Сая, Самал, Ұлжан есімді үш қызды тәрбиелеп отыр. Атұстарды армандаса да, тоқал тақырыбын ойлағысы келмейді. 

“Біз жарымыз екеуміз тоқал тақырыбын сөйлесіп, шешіп тастағанбыз. Тоқал алу деген – өте нәзік тақырып. Оған атүсті қарауға болмайды. Тоқал алғың келсе, ала салатын зат емес. Оның өз шарттары бар. Құранда ол туралы жазылып қойған. Алдымен материалдық жағдайың сай келуі керек. Екіншіден, тең қарау керек. Тоқал алғысы келмейтін еркек болмайды. Кім жас әйел алғысы келмейді? “Жоқ, маған керек емес” дейтіндер өтірік айтады. Олай емес. Егер тағдырыңа бұйырса, аласың. Бұйырмаса, алмайсың”,  – деді актер. 

Бұған дейін актер бір сұхбатында әйелі рұқсат еткенімен, өзінің тоқал алудан бас тартқаны туралы ашық айтқан болатын. 

Дулыға Ақмолда үш қызының бой жетіп қалғанын айтты. Қыздары өнер жолын таңдаса, оған қарсылық білдірмек емес. Актер еліміздегі әлеуметтік жағдайға көбірек алаңдаулы. Ал қаңтар оқиғасы ашынған халықтың зары деп кейіді. 

“Қазір елдің бәрінде несие. Жалақы аз. Көп дегенде 100 мың теңге алады. Оның ипотекасы бар, несиесі бар, басқасы бар. Соны уайымдаған адам қалай жақсы көңіл күйде жүреді. Жақында болған қаңтар оқиғасы бастамасы ғана. Халық ашынғаннан барды. Бұған бір жағынан қуану керек. Халықтың оянғанына қуану керек. Ұйықтап жүре беру қорқынышты. Әрине, қантөгіс болғанын ешкім қаламайды. Ешкім қантөгіс болады деп ойламады. Бірақ халықтың оянғаны жақсы”, – деді театр әртісі.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр