Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаулық үндіс коронавирустың жаңа штаммына байланысты жергілікті тұрғындардан қысым көрген

Ақтаудан келген Үндістан азаматы коронавирустың жаңа штаммына байланысты жергілікті тұрғындардың қысым көріп жүргенін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі АстанаТВ арнасына сілтеп хабарлайды. 

Вадодория Хитеш Қазақстанда 17 жылдан бері тұрады. Бірақ ол елде үнді-дельта вирусы пайда болғаннан кейін оның өмірі күрделене түскенін айтады. Жергілікті тұрғындар оған тиісіп, кейде тіпті қауіпті инфекцияны әкелдің деп айыптайтын көрінеді.

“Мен базарға бардым, бейтаныс адам үстімнен күлді. “Сіз үндіссіз бе”, – деп сұрады. Мен: “Иә”, – дедім, ол: “Бізге үндіс келді, енді жақында локдаун болады”, –  деді. Мен: “Бұл штаммды ойлап тапқан үнділіктер емес. Біз бұл үнді штаммының халыққа жайылғанын қаламаймыз” дегенімде олар мені мазаққа айналдырды. Мұнда үнді штаммы деп аталады, бірақ бұл үнді штаммы емес, ол дельта деп аталады”, – дейді Ақтау қаласының тұрғыны Вадодария Хитеш. 

Бұл ретте Маңғыстау облысында әзірге дельта вирусының бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ. Дәрігерлердің айтуынша, олар COVID-19 бар жиырма пациенттен талдау алып, оларды Алматыға зерттеуге жіберген.

“Санэпидқызмет департаменті 20 адамға талдау жасап, Алматыға жібергісі келеді. Бұл бізде үнді штаммы бар дегенді білдірмейді, бізде жоқ, әлі анықталған жоқ. Олар бірден ауыр жағдайда түсер еді”, – дейді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Ғалия Қалиева. 

Талқылау