Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаулық түлектер салтанатты кештен бас тартып, аутизмі бар балаларға көмектесті

Фото: Қоғамдық коммуникациялар орталығы

Ақтаудағы IT бағытындағы мамандандырылған лицейдің 11-сынып түлектері мектеппен қоштасу шарасын тек мерекемен емес, үлкен әлеуметтік жауапкершілікпен атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Liter.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл 97 түлек қымбат киім, банкет пен сән-салтанаттан саналы түрде бас тартып, жиналған қаражатты қайырымдылыққа жұмсауды жөн көрген. Барлық ақша аутизм спектрінің бұзылыстары мен басқа да ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсететін “Періште” орталығына аударылды.

Бұл шара “Сенің бес минутың – біреудің бүтін өмірі” деген ұранмен өтті. Бастаманы оқушылардың өздері көтеріп, ата-аналар мен ұстаздар толықтай қолдау білдірген.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жиналған қаражат балаларды қоғамға бейімдеуге және дамытуға бағытталған арнайы бағдарламаларды жүзеге асыруға жұмсалады. Игі іске бастамашы болған түлектер өз әрекеттері елдегі басқа да мектеп бітірушілерді дарақылықтан бас тартып, шынайы жақсылық жасауға шабыттандырады деп үміттенеді.


Қазақстандағы мектеп бітіру кеші: Ата-аналарға жауапкершілік пен айыппұл туралы ескертілді


ҚазҰУ студенттері университет өзінің мантияларын жалға алуға мәжбүрлеп жатқанын айтып шағымданды


Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында түлектер үйсіз отбасыға баспана сыйлағанын жаздық. Түлкібас ауданында мектеп түлектерінің бастамасымен игі дәстүрдің жалғасыпа келе жатқанына 8 жыл болды. Сол жылы Абай атындағы мектеп-лицейінің 20 жылдық мерейтойын атап өткен түлектер бірінші болып баспанасы жоқ көпбалалы отбасына баспана сыйлаған еді. Содан бері бұл дәстүрді кейінгі түлектер де жалғастырды. Бұл жолы Абай, Садықов және Ломоносов атындағы мектептерді бітірушілердің 20 жылдық мерейтойына орай аудан орталығынан тағы бір тұрмысы төмен отбасына алты бөлмелі кең, қосалқы құрылыстары бар үй алып берді.

STAN.KZ
Сенбі, 21 Маусым, 2025 11:46
Талқылау