Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен үш қырғызстандық естерін жиды (видео)
Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен қырғызстандықтардың есін жиған видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Видеодан скриншот
Ақтауда апатқа ұшыраған Қырғызстан азаматтары ауруханада сұхбат берді.
Есін жиған қырғызстандықтың есімі – Ерлан Жүнушалиев. Оған компрессиялық сыну диагнозы қойылды және көптеген көгерген жерлері бар.
Зардап шегуші ұшақ апатынан кейін оқиға орнына қазақстандық құтқарушылар келгенін айтты. Ол кезде жолаушылар ұшақтың нақты қай жерде құлағанын әлі білмеген.
"Қатты соққы алдым. Мен ес-түссіз қалдым, сондықтан құтқарушылардың қашан келгенін байқамай қалдым", – деді қырғызстандық.
Оның айтуынша, ұшақ аударылғандықтан, жолаушылар төңкеріліп жатқан. Құтқарушылар зардап шеккендерді қауіпсіздік белдіктерінен босатып алып шықты.
Бізді шығарып алған соң "Сендер кімсіңдер?" деп сұрадық, олар: "Қазақтар" деп жауап берді.
Ал тағы біреуі – Тілек Османов. Оң қолы сынған және денесі көгерген.
“Ұшақта ұйықтап қалдым, бір кезде у-шу басталып, бірден ояндым. Және апатқа дейін саналы түрде отырдық. Нұсқауларды тыңдадық. Кейін апат болып, досым екеуміз көзімізді аштық. Арнайы форма киген адамдар маған шығуға көмектесті”, – деді Тілек Османов.
20 жастағы Ринат Асанов та есін жиды.
Енді дәрігерлер үш жігітті еліне қайтармақ.