Ақтаудағы ұшақ апатында қаза тапқан ұшқыштың қызы әкесі туралы әсерлі жазба жариялады
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан Әзірбайжан әуе жолдары компаниясының капитаны Игорь Кшнякиннің қызы әкесі туралы әсерлі жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі media.az басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Әлеуметтік желіден
Игорь Кшнякиннің қызы Дарья Кшнякина өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әкесін еске алды.
"Әке, сіз менің қаһарманымсыз, әрқашан менің жүрегімде қаласыз, сіз өзіңізді құрбан етіп, ондаған адамның өмірін сақтап қалу үшін қолыңыздан келгеннің бәрін жасадыңыз. Мен осындай әкемнің барын әрқашан мақтан тұтамын. Сіз өте көңілді едіңіз, біз үшін бәрін жасадыңыз, біздің бақытты болуымызды қаладыңыз. Ең жақсы әке! Жәннатқа барасыз деп үміттенемін", – делінген Дарья Кшнякинаның жазбасында.
-
“Сөзбен жеткізу мүмкін емес”: Құтқарушылар Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін адамдарды кабинадан қалай шығарғандарын айтты
Айта кетейік, бұған дейін Azerbaijan Airlines әуекомпаниясы Ақтау маңында апатқа ұшығараған ұшақты 15 мың сағаттан астам ұшу тәжірибесі бар білікті маман Игорь Кшнякин басқарғанын хабарлаған еді. 15 мың сағаттың 11,2 мың сағатында ұшақты капитан ретінде басқарған.
Ұшақ апатында аман қалған бортсерік Зулфугар Асадов та журналистерге сұхбатында, ұшақ командирі мен екінші ұшқыштың ерлігінің арқасында аман қалғандарын айтқан еді.
Еске салсақ, 25 желтоқсанда Әзірбайжан әуе жолдары компаниясына тиесілі Embraer E190AR ұшағы Ақтау қаласындағы әуежай маңында апатқа ұшыраған еді. Бортта 67 адам болған. Оның 38-і қаза тауып, 29 адам аман қалды.