Тоқаев елдегі жағдайға байланысты кеңес өткізеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қаңтарда елдегі жағдайға байланысты кеңес өткізетін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы президенттік баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
“Ертең, 5 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелерінің, Президент Әкімшілігі қызметкерлерінің және басқа да жауапты органдар өкілдерінің қатысумен еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізеді”, – деп жазды ол.
- Ақтауда мұнайшылар митингіге шыққандарға қосылды
- Маңғыстауда митингіге шыққандар әнші Қайрат Нұртастың көлігін өткізбей қойған
- Ақтаудағы митингіге шыққандар үш негізгі талап қойды
Айта кетсек, 2 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында жүздеген көлік иелері көшеге шыққан болатын. Олар жиындарда 1 қаңтардан бастап литрі екі есе қымбаттаған сұйытылған газдың бағасын төмендетуді талап етті.
Энергетика министрлігі бағаның көтерілуін сұйытылған газды өндірушілердің оны электронды сауда арқылы сатуға көшуімен түсіндірді.
Бірақ халық түсіндірмеге қанағаттанбады, себебі Қазақстанның батыс өңірлеріндегі көлік толығымен дерлік газдандырылған. Көтеріліс салдарынан наразылық акциясы облыстың бірнеше ауылын қамтып, шерулер түннің бір уағына дейін жалғасты.

"Алдағы 10 жылда мұнай қоры таусылады": Сарапшылар "қара алтынсыз" Қазақстанның болашағы қандай боларын болжады
