Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаудағы әуе апатында зардап шеккен адамдардың бірі қай елдің азаматы екені анықталды

Ақтауда ұшақ апатынан зардап шеккендер арасында есімі мен азаматтығы белгісіз екі әйел бар еді. 26 желтоқсанда олардың бірінің Әзірбайжан азаматы екені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, барлық науқас министрліктің диагностика және емдеу протоколына сәйкес толық көлемде ем алып жатыр. Тергеу органдары екі науқастың жеке басын анықтау жұмысын жүргізді. Олардың бірінің жеке басы анықталып, Әзірбайжан азаматы екені белгілі болды деді дәрігерлер. 

"Науқастар әртүрлі жарақатпен түсті. Негізінен көп зақымданулар (жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалу, кеуде қуысының жабық жарақаттары, жарақаттан 1-2 дәрежелі  шок алған) байқалады. Реанимация бөлімінде жатқан 11 науқастың үшеуінің жағдайы тұрақты ауыр. 7-еуі ауыр, ал бір пациенттің жағдайы өте ауыр, тұрақсыз. Барлық зардап шеккендерге қажет тексерулер жүргізілді. Жағдайы тұрақталғаннан кейін бейінді бөлімшелерге жатқызылды. Сегіз зардап шеккеннің біреуі өте ауыр, тұрақсыз жағдайда. Ал екінші пациентке шұғыл түрде лапаротомия жасалып, тоқ ішек шажырқайының жыртылуын тігу және құрсақ қуысын дренаждау операциясы жүргізілді", – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Барлық зардап шеккендерге тексеру жүргізіліп, емдеу тактикасы келісілді. Зардап шеккендер мен олардың туыстарымен психологтар тобы жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, 26 желтоқсан күні шамамен сағат 08:30-да, Ресей Федерациясы төтенше жағдайлар министрлігі орталық аппаратының санитарлық авиация борты Ресей азаматтарын эвакуациялады.



Еске салайық, бұған дейін Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан "Azerbaijan Airlines" әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы құлағаны туралы жазған едік. Желіде ұшақтың ішінде апатқа дейін және кейін түсірілген видеолар пайда болды. Ақтау маңындағы ұшақ апатынан 38 адам опат болды. Ұшақтағы қазақстандық азаматтардың барлығы көз жұмды.

Талқылау