Ақтауда жүргізуші екі баланы қағып кетті: Жасөспірімдер жансақтау бөлімінде жатыр (видео)
Фото: Видеодан скрин
14 мамыр күні Ақтауда Шығыс-2 және Шығыс-3 шағын аудандарының арасындағы жолда көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан екі жасөспірімді қағып кетті. Зардап шеккендер Маңғыстау облысындағы балалар ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Балаларды қағып кеткен жүргізушінің үстінен Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс полиция департаментінің бақылауында.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілген екі жасөспірімнің бірі жансақтау бөлімінде жатыр.
“2013 және 2014 жылы туған балалар жол-көлік оқиғасынан зардап шегіп, бас-сүйек ми жарақатын алған. Жағдайлары ауыр. Қазір олар жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер тексеру жүргізіп, қажет медициналық көмек көрсетіп жатыр”, – делінген хабарламада.
Көлiк құралдарын басқарған адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда адам денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан жағдайда 160 айлық есептік көрсеткішке дейін (629 120 теңге) айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, болмаса 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға, болмаса 40 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға жазаланады. Сондай-ақ екі жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы көзделген.
Әлеуметтік желілерде оқушыларды көлік қағып кеткен сәттегі видео тарады.

"Сақтандыру компаниясы кінәні өзіме артты": Қазақстандық жігіт Парижде аяқастынан сырқаттанып қалып, бір күннен аса көмек ала алмаған
