Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қолын тіліп, жазу жазған": Ақтауда жасөспірімдер оқушы қызды қорлап, зорлады деп айыпталды

Фото: stroi-news.ru

Әлеуметтік желіде ақтаулық жасөспірімдердің 13 жастағы оқушы қызға зәбір көрсетіп, зорлады деген ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақтауда бірнеше жасөспірім 13 жастағы мектеп оқушысын мазақ етіп, зорлады деп айыпталды. Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, биыл қыркүйек айында болған қылмысқа қатысты ешкім тергеліп, қамауға алынбаған.  

Бұл жағдайға қатысты Маңғыстау облысы полиция департаменті жауап берді. Ведомствоның мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

“Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлімі (Кәмелетке толмағанға зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің талаптарына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды”, – делінген жауапта.



Ведомство қылмыстық істің полиция департаменті басшылығының бақылауында болатынын мәлімдеді.

Бұған дейін Шымкентте ер адам туған қызын 4 жыл бойы зорлап келгені туралы жазған едік. 

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 24 Желтоқсан, 2025 12:26