Ақтауда жасөспірім полиция қызметкерін "қоқыс" деп балағаттаған (видео)
Видеодан скрин
Ақтауда жасөспірім полиция қызметкерін балағаттаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 21 тамыз күні Ақтауда болған. Патрульдік полиция мемлекеттік нөмірі жоқ мопедті тоқтатып, тізгінде кәмелетке толмаған жасөспірім отырғанын анықтаған. Көлікті тәркілеу барысында жасөспірім полиция қызметкерлеріне дөрекі сөздер айтып, балағаттаған.
Аталған факті бойынша жасөспірімнің үстінен билік өкілін қорлағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмағанның ата-анасы бала тәрбиесіндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
"Ақымақсың ба": Балағат сөз айтқан ҚТЖ топ-менеджері қызметінде қалды
Кейіннен полиция жасөспірімнің анасымен бірге құқық қорғау органдары қызметкерлерінен ресми түрде кешірім сұраған видеосын жариялады. Жасөспірім өз кінәсін мойындап, мұндай жағдайдың енді қайталанбайтынына уәде берді.
Еске салсақ, бұған дейін атыраулық блогер Тоқаевты балағаттаған видеосы үшін қамауға алынған еді.

"Ересек ұлының көзінше іш киіммен жүреді": "Мамасының баласына" тұрмысқа шыққан келіншектер жаға ұстарлық оқиғаларын айтып берді
