Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық үкіметтік ғимараттарда лаңкестік әрекет ұйымдастырмақ болған

19 қазанда Ақтау тұрғынына қатысты террористік акт жасамақ болғаны және терроризмді насихаттағаны үшін үкім заңды күшіне енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Мәліметтерге сенсек, Ақтау қалалық соты оған 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

"Зорлық-зомбылық әрекетін жасау үшін жарылғыш құрылғыны, соның ішінде зақымдайтын элементтер жасауға қажет компоненттер болттар мен шегелерді сатып алғаны анықталды. Шабуыл нысаны ретінде Маңғыстау облысының мемлекеттік мекемелерінің ғимараттарын таңдап, фото және видеоға түсіру арқылы жергілікті жерді зерттеген", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, ер адам бұрын кісі өлтіргені үшін сотты болған.



Еске салайық, бұған дейін діни алауыздықты қоздырғаны үшін іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталғанын жаздық. Күдікті 2016-2017 жылдары Алматы қаласында бірнеше рет діни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың діни сезімдерін қорлауға, азаматтардың дінге деген көзқарасы негізінде олардың эксклюзивтілігін, артықшылығын және кемістігін насихаттауға бағытталған әрекеттер жасаған.

Талқылау