Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда суши-маркет желісінің иесі есірткі таратумен шұғылданған

Ақтауда 34 жастағы ер адам есірткі таратумен шұғылданды деген күдікпен ұсталып, 10 жылға сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ер адам Ақтаудағы суши-маркет желісінің басшысы болып жұмыс істеген. Екінші 32 жастағы күдікті оған заңсыз істе көмектесіп келіпті. Олар психотроптық заттардың партияларын жасырып, есірткіні буып-түю бойынша тапсырмалар мен координаттарды Telegram қосымшасы арқылы алып отырған.

Күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша және компания кеңсесінде жүргізілген тінту кезінде 692 грамм “мефедрон” синтетикалық препараты тәркіленіпті.

Олардың бұл әрекеті Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 1 және 3-тармақтары бойынша “Адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде сатып алуы, сақтауы, тасымалдауы” бойынша сараланды.

Талқылау