Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда екі айлық сәби көз жұмды: Отбасы полицияның есебінде тұрған

Ақтауда сәби көз жұмды

4 сәуірінде сағат 11:00-де Ақтау қаласындағы бір медициналық мекемеден екі айлық баланың қайтыс болғаны туралы 102 пультіне хабарлама түскен. Маңғыстау облысы полиция департаменті екі айлық сәбидің өліміне қатысты тергеу ісін бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, бастапқы тексеру кезінде баланың денесінде зорлық белгілері анықталмаған. Қазір болған жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтау мақсатында кешенді тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

“Тексеру барысында отбасының бұған дейін құқық қорғау органдарының  болғаны және учаскелік полиция қызметі оларды жүйелі түрде бақылап келгені анықталды”, – деп хабарлады ведомство.

Баланың әкесі бір жыл ішінде төрт рет Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 437-бабы (Тыныштықты бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оған қорғаушы ұйғарымы берілген.

Полицияның дерегінше, қорғаушы ұйғарымын бұзғаны үшін ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 461-бабы бойынша жауапқа тартылып, сот шешімімен 10 күнге мамандандырылған қабылдау мекемесіне орналастырылған.

Сонымен қатар ол профилактикалық есепке қойылып, мінез-құлыққа қатысты арнайы талаптар белгіленді. Ведомство материалдардың әкімшілік қадағалау орнату үшін екі рет сотқа жолданғанын мәлімдеді.

“Жұмыс жүйелі профилактикалық сипатта жүргізілген. Мекемелер арасындағы өзара әрекеттестік аясында 27 наурызда учаскелік инспектор қосымша шаралар қабылдау үшін ұсыныспен әкімдікке жолдаған. Соңғы процессуалдық шешім тексеру нәтижесіне қарай, заңға сәйкес қабылданады”, – делінген хабарламада.

Сол кезде әлеуметтік желіде отбасы тұрған үйдің подъезінде орнатылған камерадан түсірілген бейне пайда болды. Кадрларда, сенбі күні таңертеңгі уақытта, ер адамның баланы құшақтап баспалдақтан түсіп, жүгіріп бара жатқанын, артынан әйелдің ілесіп бара жатқанын көруге болады.

Айым Болатқызы
Жексенбі, 05 Сәуір, 2026 10:59