Ақтауда көзіме шөп салды деп күмәнданған ер адам әйелін пышақтап тастаған
Қаладағы кафелердің бірінде туындаған отбасылық дау-дамай кезінде ер адам әйелін бірнеше рет пышақтаған.
Фото: glavnoe.ua
Бұл туралы lada.kz хабарлайды.
Әйел оқиға орынында көз жұмған. 39 жастағы ер адам әйелі жұмыс істейтін кафеге келіп онымен сөйлеспекші болыпты. Екеуінің арасында ұрыс туып, содан соң ер адам әйелін пышақпен ұрған. Көп қан жоғалтқан әйел дәрігерлер келемін дегенше көз жұмған.
Ер адам айыпты толығымен мойындаған. Ол әйелімен 2000 жылдан бері бірге тұрғанын айтыпты. Олар үш бала өсіріп отырған екен. Ер адамның айтуынша әйелі соңғы кездері оның көзіне шөп салып, ажырасу туралы ұсыныс айтқан. Ал күйеуі болса әйелін өзінде қалдыруға тырысыпты. Алайда ол қарсылық танытады. Кафедегі жанжал кезінде әйелі оны енді бұдан былай күйеуі деп санамайтынын айтып салады. Ашуға булыққан ер адам бірден пышаққа ұмтылған.
Ал көз жұмған әйелдің анасы болса айыптыға ең қатал жаза – 15 жыл тағайындауды сұраған.
Сот айыптыға жаза тағайындар алдында оның өз кінәсін мойындағанын және II топтағы мүгедек екенін де ескерген. Нәтижесінде ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Енді жазасын қатаң режимдегі колонияда өтемек.