AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда көп балалы аналар әкімдіктің алдында шу шығарды

Ақтауда оқу жылы қарсаңында үкіметтен берілетін қаражатты ала алмай жүрген көп балалы аналар облыстық әкімдікке келді. Өйткені балаларды мектепке дайындау үшін берілетін ақша қыркүйектің ортасы болса да аналарға әлі жетпеген. Құжаттарды мектеп қабылдайтын болған соң қателік білім ордасынан кетті дейді білім бөлімінің басшысы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

аналар

Әр баланы мектепке жинау үшін берілетін 25 мың теңгені талап еткен аналар облыстық әкімдіктен жауаптыларды іздеп барды. Өйткені мектеп басшылығы да, әлеуметтік педагог те қаражат қандай жолмен тағайындалатынын дұрыс түсіндірмеді дейді. Аналар "қыркүйектің жартысы өтті, әлі күнге дейін балалардың не киімі жоқ, не оқу құралы жоқ" деп ашулы. 

“Басқа мектептер алып жатыр, бізге де берілсін сол ақша. Балаларымызды киіндірейік. Кітап, зат бәрі қымбат қазір. Даярлық тобында оқитын балаларымыздың өзіне қарайған ақшамыз кетті. Барлық зат қымбат, қымбат. Киіндіре алмай жатырмыз”, – дейді көп балалы ана Ақбөпе Бойдақова. 

“Бізді аз қамтылған отбасы деп мектеп айтты. Мектептен бізге 25 мыңға құжат тапсыр деп қабылдап алып, енді оны қоқысқа лақтырып тастады. Сіздің құжаттарыңыз өтпей жатыр дейді”, – дейді Сәуле есімді көп балалы ана.

Әкімдік алдында шу шығарған аналарға қала әкімінің орынбасары шықты. Бірақ бұл мәселеден хабарсыз болып шықты. Ал білім бөлімінің басшысы бұл жағдайда құжаттарды дұрыс қабылдамаған мектептің кінәсі деп ашық айтты. Яғни көпбалалы, аз қамтылған отбасы әуелі жұмыспен қамту орталығынан өзінің санатын дәлелдейтін анықтама алып мектепке тапсыру керек. Сонан кейін әр балаға берілетін 25 мың теңгені алу жөнінде мектепке арыз жазу керек деп түсіндірді.

“Бүгінгі таңда барлық білім беру ұйымдарында осы санатқа жататын аналарға толықтай қаражат бөлініп тұр. Тек осы ата-аналар өзінің санатын анықтап берген жағдайда ақша бірден аударылады”, – дейді Ақтау қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Тоты Күлметенова. 

Бір топ ана бұл жиырма бес мың теңгені көп баласы бар отбасының бәріне беру керек дейді. Ал білім бөлімінің басшысы қазан айының соңына дейін мәселе шешіліп, ақша толық беріледі деп сендірді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр