Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда қоғамдық дәретхана опырылып балалар астында қала жаздады (видео)

Маңғыстау облысы, Таушық ауылында дәретхана ішіне қарай опырылып түсіп, балалар зардап шеге жаздады.

Безымянный

Бұл туралы lada.kz хабарлайды.

Сергей есімді тұрғын жіберген видеода Таушық ауылынан 95 шақырым жердегі қоғамдық дәретхананың опырылып түскен сәті таспаланған. Бақытқа қарай, оқыс оқиғадан балалар зардап шекпеген.

“Балалар дәретхана барғысы келді. Бізбен бірге досымыз да келе жатқан. Кенет, дәретхана біздің көзімізше құлады. Егер, біз сәл ертерек келіп, балалар сонда кіріп кеткенде не болар еді”, – дейді Сергей.

Талқылау