Ақтауда келушілер кафеде атыс шығарды
Ақтауда кафеге келген қонақтар есепті төлемей кетіп қалмақ болған. Жанжал кезінде келушілердің оқ атқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Есепті төлемей кеткісі келгендерді кафе қызметкерлері тоқтатпақ болған. Арада жанжал туындап, келушілердің бірі тапаншадан әуеге оқ атқан. Қуанышқа орай зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнына патрульдік полиция мен арнайы жасақ келді. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы тұрғын кешендірінің бірінде атыс қаруын заңсыз сақтаған топ ұсталған еді. Арнайы операция кезінде 11 адам ұсталған, топтың негізгі 2 мүшесі қамауға алынды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”