Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тапанша мен автомат: Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінен қаруды заңсыз сақтағандар ұсталды (видео)

Алматы қаласындағы тұрғын үй кешенінің бірінде қару-жарақты заңсыз сақтаған 11 адамнан тұратын топ құрықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

топ қару

Видеодан скриншот

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес Алматы облысы мен Алматы қаласында заңсыз қару сақтағандар жайлы ақпарат келіп түскен соң ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасы дереу тергеу бастаған. 

"Жедел-іздестіру шаралары кезінде ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері 1996 жылы туған Н. мен 2001 жылы туған Н. есімді азаматтарды ұстады. Олар Жамбыл облысының тумасы. Тінту кезінде үш тапанша мен "Калашников" автоматы, өсімдік тектес, өткір иісті зат оралған түйіншек табылды", – деп жазды облыстық полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс облыстық полиция департаментінің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тәркіленген заттарға қатысты сараптама тағайындалды. 

"Сонымен қатар арнайы операция кезінде 11 адам ұсталды. Істің негізгі қатысушылары қамауға алынды", – делінген хабарламада. 

Талқылау