Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда кафеге келгендердің төбелесі желіде жарияланды (видео)

Әлеуметтік желілерде кафедегі ер адамдардың төбелесі түсірілген видео жария болды, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кадрлардан ер адамдардың ұрысып, артынша төбелесіп жатқанын көруге болады. Жанжалға бірнеше адам қатысты. Оқиға куәгерлері оларды тыныштандыруға тырысуда.

Оқиға 1-2 қазанға қараған түні болды. Полицияға қаланың 2-шағын ауданындағы "Шамс" кафесіндегі төбелес туралы хабарлама түскен.

Қоңырауға Ақтау қалалық полиция бөлімінің патрульдік полиция батальонының ең жақын экипаждары барды.

"Кафеге келушілер шотты төлегілері келмеді, сондықтан ұрыс болды. Тәртіп бұзушылар Ақтау қалалық полиция бөліміне жеткізілді", - деп хабарлады облыстық полицияда.

Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (бұзақылық) бойынша тіркелген.

"Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деді полиция генерал-майоры Бақтыбаев Жанарбек.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр