Ақтауда блогерлерді концерттен кейін алаяқтық жасады деп айыптады
Ақтауда Aktau Fest 2025 музыкалық фестиваліне байланысты дау туындады. Инвесторлар тобы шараны ұйымдастырған блогерлерді алаяқтық жасады деп айыптап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Лада” басылымының мәліметінше концерт 30 маусымда "Жас Қанат" стадионында өткен. Ірі көлемде қаржы құйған инвесторлардың бірі блогерлерден 5–10 миллион теңге көлемінде қаражат жинап, 20–30 пайыздық пайдамен қайтарамыз деп уәде бергенін айтады. Алайда фестиваль аяқталған соң олар байланысқа шықпай, ақшаны қайтару туралы сұрақтарды елемей қойған.
Инвесторлардың қолында түпнұсқа қолхаттар, бейне сенімхаттар, хат алмасулардың скриншоттары, ақша аударымдарының түбіртектері және қаражат берілгенін растайтын өзге де дәлелдер бар.
"Біз танымал адамдарға сеніп, адал әріптестікке үміттендік. Енді көпшілігіміз ақшасыз қалдық. Кейбір инвесторлар қарызын жабу үшін тіпті баспанасын сатуға мәжбүр болды", – деді ол.
Зардап шеккендердің айтуынша, блогерлердің іс-әрекетінен шамамен 20 адам зардап көрген. Барлығы полицияға арызданған.
Құқық қорғау органдарының баспасөз қызметі бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Қай өңірлер қыста жылусыз қалуы мүмкін: Қазақстанда 10 ЖЭО әлі де "қызыл" аймақта
