Ақтауда балаларымен бірге подъезде ұйықтаған әйелдің үстінен сотқа шағым түсті (видео)
Қалалық білім басқармасы мас күйде балаларымен бірге подъезде ұйықтаған әйелдің үстінен сотқа шағымданды. Алдағы уақытта әйелдің ата-ана құқығын шектемек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Балаларымен бірге еденде ұйықтаған әйелге қатысты білім басқармасы шара қабылдағанын мәлімдеді.
"Сонымен қатар бұл іске қатысты материал Ақтау әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі бойынша комиссияның қарауына жолданды", – делінген ақпаратта.
Еске салайық, үйдің кіре берісінде балаларымен ұйықтап жатқан әйелді тұрғындар видеоға түсіріп алған. Автордың сөзінше, әйел мас болған.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн