Ақтауда автобус жүргізушілері жалақының төмендігіне наразылық білдіріп, ереуілге шықты
Видеодан скрин
Ақтауда автобус жүргізушілері жалақының төмендігіне наразылық білдіріп, ереуілге шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Алпыстан аса автобус тоқтап, аялдамаларда адамның жиналуына, көпшіліктің жұмысқа кешігуіне себеп болған.
Белгілі болғандай, жүргізушілер жалақыны көтеруді және еңбек жағдайларын жақсартуды талап еткен. Мәселені шешу үшін оқиға орнына әкімдік, прокуратура, полиция және жұмыс берушілер өкілдерінен құралған жұмыс тобы келді. Талқылау нәтижесінде тараптар келісімге келді. Қазіргі уақытта автобустардың қозғалысы қайта қалпына келтірілді.
Маңғыстау облысында бір топ жұмысшы ереуілге шықты
"Кейбір өңірлерде жүргізушілер күніне 30-47 мың теңге табады. Бізде ең төменгі тариф – 23 мың теңге. Жұмыс жағдайын жақсартуды, тамақтануға арналған орын бөлуді, кәсіподақ құруды сұраймыз. Біз талаптарымызды айттық, оларды жақын арада қарауға уәде берілді", – дейді жүрзігуші Бауыржан Жұманиязов.
Оқиғаға қатысты қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы пікір білдірді.
"63 жүргізуші маршруттарға шықпады. Бұл шамамен 60 автобустың бірнеше сағат бойы тоқтап қалуына әкеп соқты. Жұмыс тобымен кездесуден кейін автобустар қайтадан әдеттегі тәртіпте жүре бастады. Қазіргі таңда әкімдік қаладағы қоғамдық көліктің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бағытында жұмыстарын жалғастыруда", – дейді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұхан.
Еске салсақ, осыған дейін Қостанайда үш құрылысшы жаңа салынып жатқан үйдің тоғызыншы қабатына көтеріліп наразылық білдіргенін жазғанбыз.

Қазақстандық қыз АҚШ-қа оқуға барып, жүкті екенін білді: Ол қолындағы баласымен Йель университетін бітіріп, Стэнфордқа түскен
