Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 20 адам жаппай уланған мейрамханадан 220 келі мерзімі өткен өнім анықталды

Ақтаудағы мейрамханалардың бірінде дәрігерлердің жаппай улануынан кейін тамақтандыру орнында тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде комиссия жарамдылық мерзімі өтіп кеткен салмағы 220 келі болатын өнімнің 73 түрін анықтаған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tumba.kz порталына сілтеме жасап. 

Уланудан соң мейрамхананың 21 қызметкері тексерістен өткен. Оның ішінде жеті адамның денсаулығында стафилококк бактериясы бар екені табылды. 20 адамда жалған медициналық карта болған. Тағы төртеуінде бұл құжат мүлде болмаған. Олардың барлығы жұмыстан шеттетілді.

Нәтижесінде комиссия жарамдылық мерзімі өтіп кеткен салмағы 220 келі болатын өнімнің 73 түрін анықтап, жойған.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асылбек Шаров қазір істі полицияның тексеруін сұрап хат жолданған.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 425-бабының 2-бөлігіне сәйкес жоспардан тыс санитарлық-эпидемиологиялық тексеріс нәтижесінде анықталған санитарлық талаптарды өрескел бұзғаны үшін, денсаулыққа зиян келтіргені үшін, қылмыстық жазаланатын әрекеттің белгілерін анықтау мақсатында Ақтау полиция бөліміне хат жолданды", - деді Асылбек Шаров.

Талқылау