Ақтауда жалаңаш ер адам 11-қабаттың шатырынан секіріп кетті

Ақтауда белгісіз себептермен шатырға жалаңаш шыққан ер адам 11-қабаттың шатырынан секіріп кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 5-шағынаудандағы №22 үйде болды. Видео кадрларында полицейлер келіп, кранмен ер адамды құтқармақ болған, бірақ үлгермеді. Ол басқа бағытта өзін тастап жіберген.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ер адамның не себепті киімсіз күйде шатырға шыққаны әзірге белгісіз.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"