Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 1 жасар баланың көз жұмуы: Бүлдіршін қайғылы оқиға болған үйге сол күні бірінші рет келген

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы 1 жасар баланың көз жұмғандығын растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Басқарма қызметкерлерінің мәлімдеуінше, оқиға орын алған күні баланың есін жоғалтып алғандығы туралы хабар келіп түскен. Жедел жәрдем қызметі хабарланған мекен-жай бойынша дереу жеткен. 

"Жедел жәрдем қызметі жекеменшік үйге сағат 14:11-де жетті. Олар баланың көз жұмғандығын анықтады. Бүлдіршін әйелдің үйіне бірінші рет келген көрінеді. Оның үстіне бала медициналық тіркеуде тұрмаған", - деп мәлімдеді облыстық денсаулық басқармасының қызметкерлері. 

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 6 желтоқсан күні балабақшалардың бірінде орын алды деп айтылған еді. Алайда кейіннен үй жеке балабақша ретінде тіркелмегені анықталыпты. 


Тағы оқыңыз

4 жолаушыға телефонын қайтарып берді: Алматыда оқушы автобустағы ұрыны ұстап алды

Талқылау