Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау жағажайында тұрғынды белгісіз ер адам нокаутқа түсірді

Ақтау тұрғыны белгісіз ер адамнан жұдырығымен соққы алғаннан кейін есінен танып қалды. Оқиға түсірілген видео таралып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Лада” порталына сілтеме жасап.

Куәгерлер видеоға түсірген оқиға Приморский ауылының маңындағы жағажайда болған. Ондағы азаматтардың қақтығысына не себеп болғандығы белгісіз. Бейнежазбаға қарағанда ер адамдар арасында түсініспеушілік орын алған. Содан кейін олардың бірі екіншісінің бетінен жұдырықпен ұрып жіберіп, құмға ес-түссіз құлатқан.



Редакция Маңғыстау облысының полиция департаментінен түсініктеме күтуде. Аурухана аталған факті бойынша оларға арыз-шағымдар түспегенін хабарлады.

 

Гүлсезім Мұхатай
Жұма, 24 Маусым, 2022 13:38
Талқылау