Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Басын жарып, аяқ киімнің бауымен қылқындырған": Алматыда 16 жастағы жасөспірім 15 жастағы досын өлтірген

Алматыда жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім денесі бау-бақшалардың бірінің аумағынан табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның жоғалғаны туралы хабар полицияға 23 маусымда келіп түсті.

Ведомствоның мәліметінше кәмелетке толмаған баланың орналасқан жерін анықтау үшін жедел-тергеу тобы құрылған.

“Күндіз бау-бақшалардың бірінің аумағында зорлық-зомбылық белгілері бар хабар-ошарсыз жоғалған адамның мәйіті табылды”, –  деді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.



Осы қылмысты жасады деген күдікпен 16 жастағы жігіт ұсталды.

Қылмыс туралы жоғалған жасөспірімді іздеуге қатысқан белсенді Ислам Угушев айтуынша, бір-бірімен бұрыннан дос болған ұлдардың арасындағы дау Никитаның Тимурдың үйінен ақша ұрлауынан басталған. Тимур бұл досының істеген ісін біліп, сол мәселені шешуге шақырған. Бұл оқиғаның соңы Тимурдың қайғылы өлімімен аяқталды.

“Бала досын қатыгездікпен өлтірген. Басын жарып, аяқ киімнің бауымен қылқындырған. Кейін ештеңе болмағандай досының туыстарына барып, оны бірге іздеген. Тіпті картасын алып, сауда жасап та үлгерген”, –  деді Угушев.

“Күдікті жанжалдан кейін досын өлтіргенін айтты. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Сараптама тағайындалды”,  –  деп қосты Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Талқылау