AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейден Шымкентке емделу үшін келген ер адам дарға асылып қалған

Шымкенттегі дендропарк аумағында 31 мамырда із-түссіз жоғалып кеткен ресейлік азаматтың мәйіті табылды. Алайда ер адамды тану тек 23 маусымда мүмкін болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Отырар басылымына сілтеме жасап. 

ер адам

Басылымның мәліметінше, ер адам Ресейге 1 маусымда ұшып кетуі керек болған. Бұл туралы марқұмның туысы айтты. 

"Ол Шымкентке сәуірде келген. Денсаулығымен мәселе болды. Оған климаты жайлы, жылы деп айтқан. Сол үшін келді, бірақ мамырда жаңбыр басталды.Сондықтан үйге қайтпақ болған. 31 мамырда үйден шығып қайта оралмады. Телефоны және өзге заттарын пәтерде қалдырып кеткен", – деді туыстарының бірі. 

Ер адамды еріктілер іздестірген. Оқиғаға қатысты қалалық полиция да пікір білдірді. 

"31 мамырда ер адамның өзіне қол салғаны туралы ақпарат келіп түсті, ол дендропарк аумағында асылып қалған. Белгісіз адамның өлімі туралы деректі Әл-Фараби ауданы полиция басқармасы тіркеді", – делінген Шымкент полиция департаментінің хабарламасында. 

Тергеу барысында марқұмның жеке тұлғасы анықталған. 

"Ол Ресей азаматы екені анықталды. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, ер адам тұншығып мерт болған. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деп қосты баспасөз қызметіндегілер. 

Айта кетейік, бұған дейін Ресей азаматы Шымкентте жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені туралы хабарлаған едік. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр