"Барып тұрған мазақ қылу": Қазақстандық массаждан кейін денесі көгеріп кеткеніне шағымданды
Фото: Lada.kz
Ақтау тұрғыны медициналық орталықтардың бірінде массаждан кейін дене жарақатын алғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Әйел 12 тамызда медициналық орталықтардың біріне массаж сессиясына барып, нәтижесінде дене жарақатын алған. Оның айтуынша, процедурадан кейін оның арқасы көгеріп кеткен.
“Бұл – барып тұрған мазақ қылу. Үйге келгенде бәрі соншалықты қорқынышты екенін елестеткен де жоқпын. Массажист мені ұрып тастағандай. Орталық екі жылдан бері жұмыс істеп келеді және шын мәнінде адамдарды мүгедек етеді. Олар массаждың кәсіби емес түрімен айналысады. Әлеуметтік желіде оларға қатысты жағымсыз пікірлер мен шағымдар көп, бірақ тексеріп жатқан ешкім жоқ екен”, – деді әйел.
Қазақстандық миллионға несиеге массаж құрылғысын сатып алып, кейін оның 60 мың теңге тұратынын білді
Ақтау тұрғынының айтуынша, ол полицияға арызданған, бірақ ол бірден қабылданбапты. Оған алдымен жедел жәрдем бөліміне медициналық тексеруге барсын депті. Жедел жәрдем де полицияның жолдамасы қажет деп оны қабылдамады.
“Мен 1Fit қолданбасы арқылы массажға жазылдым. Мен де оларға серіктестерін тексеруді сұрап үндеу жолдадым”, – деді Ақтау тұрғыны.
Shogy Massage медициналық орталығы клиенттің 1Fit қолданбасы арқылы процедураға жазылып, вакуумды массаж қызметін алғанын хабарлады.
“Мұндай қызару, вакуумды массаждан кейінгі көгерулер жиі кездеседі. Вакуумды массаждан кейін клиент шағымсыз қайтты. Мен бұл клиенттің неге мұндай жағымсыз пікір қалдырғанын түсінбедім. Орталығымда білікті мамандар жұмыс істейді және олар өз жұмыстарына жауапты деп айта аламын”, – деді медициналық орталық өкілі.
Облыстық полиция арыз медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне жіберілгенін хабарлады.

"Металлургияға 50 балмен түсуге болады": Биыл қазақстандық талапкерлер қанша балмен грант иесі атанды
