Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау тұрғындарын бас санитар дәрігердің шешімі таң қалдырды

Ақтау тұрғындарын бас санитар дәрігердің шешімі таң қалдырды. Олар кейбір жағажайларға тыйым салынып, ал кейбірінде адамдардың еркін демалып жүргенін түсінбеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ладаға" сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындар "Сарбаздар жағажайы" аумағында блок-бекет орнатылып, тыйым салынғанды көрсететін ленталар ілініп, ал ақылы "Достар" жағажайында адамдардың тиісті қашықтықты сақтамай, еркін демала алатындығын түсінбеді. 

Бұған дейін әкімдік облыстың бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың шешіміне сәйкес аймақта қалалық, қоғамдық жағажайлар мен аквапарктердің қызметіне тыйым салынғанын хабарлады.

 

Осыған байланысты Ақтау жағалауының бес учаскесінде блок-бекет орнатылып, тыйым салынғанды көрсететін ленталар ілінген.

"Полицейлер бұл аумақтарда күн сайын патрульдейді. Қала тұрғындары мен қонақтарына жағалау аумағында тыйым салынғанды айшықтайтын ленталар ілінген жерге дейін демалуға рұқсат етіледі. Саябақтар мен алаңдарда тек үш адамдық топпен ғана жүруге рұқсат етіледі", - деді қала әкімдігінде.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 27 Шілде, 2020 06:58
Талқылау