Ақтау тұрғындары аймақ бюджетінің бөлінуіне риза емес
Ақтау тұрғындары аймақ бюджетінің бөлінуіне риза емес. Бұл мәселе туралы "ADAL" партиясынан депутаттыққа кандидаттармен кездесуде айтылды. Бұл туралы партияның ресми өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін мәжіліске депутаттыққа кандидаттар Эльдар Жұмағазиев, Ардақ Назаров, Мақсат Толықбай, Ләззат Чинкибаева, сондай-ақ партия өкілдері Нұрлыбек Мұқанов, Әнуар Керембаев Маңғыстау облысы Ақтау қаласының жұртшылығымен кездесті.
Өз сөзінде Эльдар Жұмағазиев партияның мақсаты жекелеген қалаларды дамыту емес, еліміздің барлық өңірлерін дамыту екенін атап өтті.
"Маңғыстау өңірі-бірегей аймақ. Бірден бұл жерде мұнай өндірілетіні және көп мұнай компаниясы бар екені еске алынады. Сонымен қатар, тұрғындар көптеген проблемаларға шағымданады. Негізгісі - бұл адами капитал, табыс. Біз бұл мәселелерді қалай шешу керектігін білеміз және өз бағдарламамызда нақты шешімдерді ұсынамыз", - деп атап өтті депутаттыққа кандидат.
Эльдар Жұмағазиев өңірлерді дамытудың қолданыстағы стандарттары ескіргенін, сондықтан партия өңірлік саясатты түбегейлі өзгерткісі келетінін және бұл ретте өңірлердің тұрғындары партияларға қолдау көрсетуі тиіс екенін атап өтті.
"Бізде еңбекке қабілеттіліктің үлкен коэффициенті бар. Жұмыс орындарын құрайық! Өңірлік бағдарламаларды құрайық! Біз өңірлерді өсіруіміз керек. Күштің бәрі оларда!", - деді ол.
Сондай-ақ, ол сайлау нәтижелеріне қарамастан, "ADAL" жобалық кеңселер арқылы өңірлер тұрғындарының мәселелерін шешуге қол жеткізетінін айтты.
"Сайлаудан кейін өмір бітпейді және проблемалар ешқайда кетпейді. Сайлау кезеңі бізге мүмкіндігінше көп адамды тыңдау үшін және олардың мәселелерін шешудің тетіктерін жасау үшін беріледі. Біз қазір осымен белсенді айналысудамыз".
Партия өкілдеріне жолдаған сұрақтарында Ақтау тұрғындары бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау салдарынан туындайтын мәселелерді жиі көтерді. Эльдар Жұмағазиев партия сайтында өңір бюджетінің қалай бөлінетінін біліп, наразылық білдірген жағдайда, бұл туралы партия өкілдеріне айтып беруге болатынын еске салды.
"Біз бюджетті орынды пайдалануымыз керек. Халықтың қалағаны - басқа, ал бюджеттің жұмсалуы - басқа. Президент тыңдаушы мемлекет туралы айтқан болатын. Осылайша, біз өз сайтымызды құрдық", - деп атап өтті депутаттыққа кандидат.
Естеріңізге сала кетейік, Эльдар Жұмағазиев партия сайты авторларының бірі ғана емес,"Бастау бизнес" бағдарламасының әзірлеушісі. Бағдарламаны іске асырудың үш жылында еліміздің барлық өңірлерінен 150 мыңнан астам кәсіпкер өз ісін ашуға көмек алды.
Ақтаудағы кездесулермен қатар, «ADAL» үміткерлері Солтүстік Қазақстан облысындағы кездесулерді жалғастыруда. Қазіргі уақытта ол жақта Ақмарал Бекмурзаева мен Алина Асқарова кездесулер өткізеді.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
