Ақтау тұрғындары ауа ластанғанын айтып шағымданды, ал мамандар жедел тексеруді бастады (видео)

Ақтау тұрғындары 15 желтоқсаннан бері ауа ластанғанын айтып, шағымданып жатыр. Өңірдегі экология департаменті тергеу жұмыстарын бастады, бірақ әзірге нәтиже жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
15-16 желтоқсан күндері Маңғыстау облысы экология департаментінің лабораториялық-аналитикалық бақылау бөлімі мамандары қала аумағы мен жақын маңдағы елді мекендерде ауа сапасын бақылады.
“Қала аумағында жағымсыз иіс тіркелді. Жағымсыз иістің негізгі көзі өнеркәсіптік аймақта. Оның ішінде “Рекон” базасының территориясында. Сол жерде көміртегі оксидінің шекті рұқсат етілген концентрациядан асып кеткені анықталды”, – делінген хабарламада.
"Климатқа әсер ете алмаймыз": ШҚО әкімі Өскеменде ауаның ластануына байланысты пікір білдірді
Ғалымдар атмосфера қабатының озон түтінімен ластануының күтпеген себебін анықтады
Экологтар арнайы табиғатты қорғау прокуратурасының қызметкерлерімен бірлесіп қала мен оның маңындағы елді мекендерде ауа сапасын тексерді. Атап айтқанда, “Рекон-Ақтау”, “Oil Transshipment”, “КазАзот”, 6/114 өнеркәсіптік аймағы және “КАЗпол” ЖШС аумағында бақылау жүргізілді. Аталған аймақтарда ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрацияларынан асып кетуі анықталмады.
Экология департаменті тексерудің жалғасатынын хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда ауаның шамадан тыс ластануы кезінде мектеп оқушыларын қашықтан оқуға көшіру ұсынылғаны туралы жазған едік.
Жарыстан екінші орын алсам әкем ұрсып, скакалкамен ұратын — Әсел Қанай каратэден әлем чемпионатының қола жүлдегері