AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Aktau Riviera – Батыс Қазақстан үшін жаңа тұрғын үй форматы

Өткен демалыс күндері BI Group холдингі Aktau Riviera тұрғын үй кешенінде ашық есік күнін өткізді. Мұндай дәстүрлі шараны компания клиенттермен жақынырақ танысу үшін ұйымдастырады. BI Group еліміздің батысында осындай іс-шараларды өткізетін жалғыз құрылыс салушы. Бұл клиенттердің өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауап алуы, командамен және болашақ көршілермен танысуы, құрылыстың сапасына көз жеткізуі, қолданылып жатқан материалдарды көру және ТҮК-тің тапсыру мерзімдерін талқылау үшін жасалады.

Aktau Riviera – Ақтауда туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы көшбасшылардың бірі. Тұрғын үй кешені Маңғыстау түбегіндегі 130 гектар жерді алып жатқан үлкен квартал, оны игерумен SML Construction айналысады. Каспий жағалауында еуропалық деңгейдегі туристік орталық құру мақсатын көздеген компания серіктестерінің бірі – BI Group.

Кешен аумағында қонақ үйлер мен тұрғын үйлер, курорттық гольф клубы салынуда. Сондай-ақ тақырыптық саябақта аттракциондарға мініп, сауда аймағы мен люкс дүкендерде шопингтен ләззат алуға, курорттық гольф клубта достарыңызбен уақыт өткізуге болады. 

Aktau Riviera – бұл Каспий теңізінің жағасында орналасқан пәтерлер мен виллалар. Жоба 6 кезектен тұрады, ондағы теңізге тікелей шығуға мүмкіндік беретін ойластырылған аумақта мейрамхана, СПА аймағы және балаларға арналған бөлме бар.

Aktau Riviera–ның аумағы бірінші жағалау сызығынан басталып, қорық аймағына дейін созылады. Теңіз жағасына бару бірнеше минутты алады.  

Құрылыс басталғаннан бері Ақтау Қазақстанда өмір сүру және демалу үшін ең қалаулы орындардың бірі мәртебесіне ие болды.

Aktau Riviera виллалары Connected Home компаниясының "ақылды үй" жүйесімен қамтамасыз етілген. Онда судың ағуы, температура, есіктің ашылуы, дауыстық көмекші, "барлығын өшіру" режимі, өрт дабылы үшін сенсорлар бар. Болашақ тұрғындардың өз қалауымен үйді толық безендіруге, жиһаз бен жарықтандыруға тапсырыс бере алады.

"Aktau Riviera – қызмет көрсету деңгейі жоғары, өзінің басқарушы компаниясы мен консьерж қызметі бар Батыс Қазақстан үшін жаңа тұрғын үй форматы болып саналады. Жоба, дизайн, безендірілу мен жоғары сапалы құрылыс материалдарын пайдалану –  тұтынушыларымыздың жайлылығы мен ыңғайлылығы үшін ойластырылған", – дейді BI Group құрылыс холдингінің даму бөлімінің менеджері Еркен Ахметов.

Маңғыстау түбегі ішкі туризм үшін тартымды және "қазына түбегі" бойынша ұмытылмас экскурсиялар ұсынады. Сондықтан жаңа пәтер иелері барлық кереметті бағалап және өз қалауы бойынша тамаша демалысты таңдай алады.

Жоба кезектері 2026 жылға дейін тапсырылады. Пәтерлер мен виллалар сатылымда. Толық ақпаратты 360 қысқа нөмірі бойынша және компанияның ресми сайты арқылы алуға болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр