Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Қаза тапқан 10 адамның жеке басы анықталды
Ақтау маңында болған ұшақ апатында қаза тапқан 38 адамның ішіндегі 10 адамның жеке басы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ТЖД
Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, 3 Қазақстан азаматының, 3 Ресей және 4 Әзірбайжан азаматтарының жеке бастары анықталды.
“Денелерді идентификациялау жалғасып жатыр. 20 зардап шеккен адам емдеу мекемелерінде жатыр. Ауруханаға жатқызылған барлық 29 зардап шеккен адам анықталды.14 зардап шеккен адаммен Әзірбайжан делегациясының 2 бортының ұшуы жоспарланып отыр”, – делінген ақпаратта.
Қазір оқиға орнына ТЖМ, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының, полиция департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың жеке құрамынан 235 адам, 98 бірлік техника, 2 кинологиялық есептоп жұмылдырылды.
Айта кетейік, 25 желтоқсанда Әзірбайжан әуе компаниясына тиесілі Embraer E190AR ұшағы Ақтау қаласындағы әуежай маңында апатқа ұшыраған еді. Бортта 67 адам болған. Оның 38-і қаза тауып, 29 адам Маңғыстау облыстық ауруханасында ем абылдап жатыр.
Осыған дейін, Әзірбайжан үкіметінің дереккөзі Embraer E190AR ұшағының Ақтауда құлауына ресейлік "жер-әуе" зымыраны себеп болғанын растағаны туралы жазғанбыз.