Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау әуежайында адамдар эвакуацияланып, рейстер кейінге шегерілді

Ақтау әуежайынан адамдар эвакуацияланып, рейстер кейінге шегерілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

актау ауежай

Жолаушылар Sputnik Қазақстанға Ақтаудан Алматыға сағат 13.40-та ұшуға тиіс болғанын айтқан. Алайда адамдардың барлығын эвакуациялаған. Қазіргі уақытта жолаушылар сыртта тұр.

Полиция департаменті эвакуация туралы ақпаратты растады, бірақ себебін ашып айтпаған.

Портал мәліметінше, адамдар бомба туралы хабардың түсуіне байланысты қауіпсіз жерге көшірілген.

Тексеру жүріп жатыр. Ұшақ рейстері кешігуде.

Айнұр Мұхади
Сенбі, 01 Қаңтар, 2022 14:57
Талқылау