AAPL
148.99 $
0.29 %
TSLA
657.62 $
2.21 %
NDAQ
186.58 $
-0.63 %
GOOGL
2680.7 $
0.77 %
FB
372.46 $
0.72 %
FRHC
65.04 $
-0.09 %
AAPL
148.99 $
0.29 %
TSLA
657.62 $
2.21 %
NDAQ
186.58 $
-0.63 %
GOOGL
2680.7 $
0.77 %
FB
372.46 $
0.72 %
FRHC
65.04 $
-0.09 %

Ақтау әкімдігі жас баланың өліміне қатысты екі нұсқа айтты

Ақтаудың 5 шағын ауданында 14 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты тергеу шаралары жүргізілуде. Бүгінгі таңда сарапшылар өлімнің екі нұсқасын болжап отыр. Біріншісі қоршаудан құлған, екіншісі электр тогы соққан. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Серік Гузман мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Серік Гузман 5 шағын ауданда жеткіншектің өлімінің нақты себебі әлі анықталмағанын атап өтті. Сондықтан шенеунік электр тогынан өлді деп кесіп айтуға асықпаған жөн дейді. 

“Бүгінгі таңда тергеу шаралары жүргізілуде. Медициналық сараптама нәтижелері бойынша өлімнің нақты себебі анықталады. Мүмкін, бала қоршаудан құлаған кезде қатты жарақат алған шығар. Биіктігі 2,5 метр қоршау екенін ұмытпайық. Баланың денесінде бас сүйегінің зақымдануы бар. Мүмкін бала соққыдан қайтыс болған шығар. Ата-анасының айтуынша, ол дуалға көтерілуге тырысқан және құлаған. Қазір бірдеңе айтуға ерте. Баланың өліміне кім жауапты болса, тергеу қорытындысы бойынша анықталады, – деді Серік Гузман.

Сондай-ақ Ақтау әкімінің орынбасары 15 маусымнан бастап көше жарығының бағандарына қызмет көрсетумен "Ақтау Сервис Құрылыс" ЖШС айналысатынын хабарлады. Компания директоры Әбдіғалиев Есенжол Қуандықұлы.

“Бүгінгі таңда ТКШ желісі бойынша ішкі тергеу басталды. Электрмен жабдықтау, сымдар және т.б. жұмысы бойынша, оның ішінде осы бағана да бар. Бүгін жедел жиналыс өткізіліп, барлық сервистік компаниялар мен ПИК-ке ішкі үй желілерін, көшені жарықтандыруды, электр жабдықтарының жай-күйін қаланың барлық шағын аудандарында толық тексеру үшін тиісті нұсқаулар берілді. Жоспарланған жұмыстар нақты жүргізілуде, бірақ қала бойынша 12 255 баған бар, оның ішінде 8122 шам, 5183 жарықдиодты шам, кабельдер саны – 409 шақырым, әуе желілері – 68 шақырым, трансформаторлар – 198, барлық осы жабдықтарға қызмет көрсету керек. Қалалық білім бөліміне мектепішілік желілерді, ал мердігерге барлық қалалық желілерді тексеруді тапсырдық”, – деді ол.

Серік Гузманның айтуынша, егер жасөспірімнің өліміне электр тогының соғуы себеп болса, онда тиісті органдар бұл үшін жауап береді.

“Біз тергеу жүргізетін боламыз. Бұл қызмет көрсеткен немесе жұмыс істеп жүрген бұрынғы қызметкерлердің немқұрайлылығы. Теория бойынша, компания келісімшартқа қол қойған кезде, компания міндеттемелерді қабылдаған сәттен бастап. Шартта мұның бәрі жазылған”, – деді Серік Гузман.

"АЭжБУ" МКК міндетін атқарушының айтуынша, бала қаза тапқан бағана кешегі күнге дейін (23 маусым) жарамды күйде болған.

“Бұл баған кешеге дейін қалыпты түрде жанып тұрды. Кеше, мысалы, ол зақымдалды. Қазір біздің зертхана сол жерде жұмыс істейді, олар сол жерден кабельдің зақымдануын тапты, яғни кабель кеше зақымдалды”, – деді "АЭжБУ" МКК М.А. Әділбек Махамбетов.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда электр бағанын ұстап алған баланы тоқ соғып, көз жұмғанын жазған едік. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр