Ақсу өзеніне батып кеткен шетелдік екі студенттің мәйіті 14 күннен бері іздестірілуде: Оқиға орнына марқұмның әкесі келді
Ақсу өзеніне батып кеткен үндістандық студенттердің бірінің әкесі Түркістан облысына келді. Екі жігіттің мәйіті 14 күннен бері іздестірілуде, әзірге еш нәтижесіз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Қайтыс болғандардың бірінің әкесі 11 шілде күні оқиға орнына жетті. Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрғали Жүнісов іздестіру жұмыстарының барысымен таныстырып, әрі қарай кезең-кезеңімен жүзеге асатынын атап өтті.
Айта кетейік, қайғылы оқиға 26 маусым күні сағат 16.00 шамасында болған. Ақсу шатқалында Шымкенттегі медициналық академияда білім алған Үндістаннан келген екі студент суға батып кетті. Жігіттердің жасы 20-дан асқан еді. Кейін қайғылы сәтке дейін бірнеше секунд бұрын түсірілген видео жарияланды.
Талқылау
Пікір